«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА АУЫЗСУ СҮЗГІСІ ОРНАТЫЛДЫ (ФОТО)

23 маусым 2025 440 0
Оқу режимі

Астанадағы «Ырыскелді қажы» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында игі іс жүзеге асты. Демеуші жандардың көмегімен мешітке бірнеше сатылы сүзгіден өтетін, суды минералдандыратын заманауи құрылғы орнатылды. 

Хадистердің бірінде «Ең абзал садақа қандай?» - дегенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Су ішкізу (Байһақи)», - деп айтқан екен. Су ішкізу дегені – құдық қазу, бұлақтың көзін ашу. Хасан Басри: «Сағд ибн Ұбада Мадина қаласында екі су ішетін орын жасатты. Күні бүгінге дейін бар» дейді. Міне, бұл – сахабалардан кейінгі табиғин заманындағы оқиға.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру