РАНТ МҮШЕСІ «AL-FATTAH» МЕШІТІНДЕ ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ ЖАЙЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

15 тамыз 2025 364 0
Оқу режимі

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Ислам Маратұлы Астана қаласындағы «Al-Fattah» мешітінде жамағатпен жүздесіп, жат діни ағымдардың зияны және олардың алдын алу жолдары жайында жұма уағызын жүргізді.

Жамағатпен жүздесуде Ислам ұстаз деструктивті діни ағымдардың қоғамға, отбасыға және мемлекетімізге тигізетін зияндарын, олардың белгілерін атап өтті.

Сондай-ақ, жастардың қазіргі таңда өзіміздің ата-бабабыз ұстанып келе жатқан сара жолымыз, Әһли сунна уал-жамаға, сенімде Матуриди ақидасы, мәзһабта Имам Ағзам Әбу Ханифа жолын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Осымен қатар, діни сауат ашуды мешіттерімізден алу қажеттігіне, Діни басқарманың пәтуаларына сүйенуге шақырды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру