«РАИСА АНА»: «ҚҰРАНМЕН НҰРЛАНҒАН ЖҮРЕКТЕР» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ (ФОТО)

06 мамыр 2025 107 0
Оқу режимі

«Раиса ана» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Құранмен нұрланған жүректер» атты рухани кеш өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Құран Кәрімнің мән-маңызын насихаттап, оның рухани құндылығын жүректерге жеткізу. Сонымен қатар, Құран оқудағы табандылық пен ынта-жігерді арттыруға баса назар аударылды.

Кеш барысында көрермендерге рухани серпін сыйлаған түрлі мазмұндағы бағдарламалар ұсынылды. Ұстаздар жүрекке жететін әсерлі уағыз-насихаттар айтып, көрермендерге терең ой қалдырды. Сонымен қатар, әсерлі күйлер мен көңілді сергітетін діни ойындар ұйымдастырылып, кешке қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Сондай-ақ, сауат ашу курсында білім алып, Құранға түскен шәкірттерімізге арнайы сертификаттар мен Құран кітаптары табысталып, олардың құрметіне тәж кию рәсімі өткізілді. Бұл – жас шәкірттердің рухани әлемге жасаған алғашқы қадамына берілген шабыт пен қолдау.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру