ҚМДБ Жастар ісі секторы республикалық форумға қатысты

14 тамыз 2025 325 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай Павлодар қаласында өткен республикалық форумға қатысты.

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Павлодар қаласы әкімдігі ұйымдастырған шараға еліміздің барлық өңірінен 120-дан астам жас жиналды.

Бағыжан Күзекбай панельдік сессияда баяндама жасап, жастарды еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа, білім мен руханиятты қатар ұстануға үндеді. Сондай-ақ дін мен дәстүр үндестігі және ұлттық құндылықтарды сақтаудағы жастардың рөліне тоқталды.

ҚМДБ Жастар ісі секторы жастардың діни сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу, қайырымдылық пен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.



Пікірлер Кіру