МЕШІТ ЖАСТАРЫМЕН ИГІ ДӘСТҮР БОЙЫНША РУХАНИ-МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

26 шілде 2025 557 0
Оқу режимі

«Aq meshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимовтің қолдауымен және  Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының «Aq meshit» мешіті бойынша жауапты өкілі Әлім Жақыптың ұйымдастыруымен рухани-мәдени іс-шара өтті.

Қазақы дәстүрді ұлықтау үшін қатысушыларға арнап атпен серуен ұйымдастырылып, ақ дастархан басында тағылымды басқосу өтті. Іс-шараға арнайы қатысқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов дін мен дәстүр сабақтастығы, мұсылмандар арасындағы бірлік-ынтымақ пен ауызбіршіліктің маңызы туралы көркем уағыз-насихат айтты.

Мұсылмандардың арасындағы ынтымақ – қоғамның рухани тұрақтылығының негізгі тіректерінің бірі. Бір-біріне мейірім танытып, бауырмалдық сезімін жоғалтпаған жамағат кез келген қиындықты бірге еңсере алады. Осындай бірлікті нығайтуда жастардың орны айрықша. 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру