ХІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауға іріктеу сайысы өтті.
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы өкілдігі бойынша өткен іріктеу сайысына барлығы 50 үміткер қатысты. Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша ұйымдастырылды.
Алқалы байқауға Қайырбай қари Даукенулы, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы Нуриддин Абдусамадұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары Абдулахад Сманов пен Закир Санху сынды білікті дін қызметкерлері қазылық етті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ұмра қажылығына жолдама және қаржылай сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, әр аталым бойынша І орын иегерлері ХІV Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан додаға жолдама алды.
Жарыс нәтижесі төменде көрсетілген:
ТОЛЫҚ 30 ПАРА БОЙЫНША:
1-орын Игілік Исламнури Сержанұлы
2-орын Ығылман Мұхаммед
3-орын Абдукаюмов Садриддин
20 ПАРА БОЙЫНША:
1-орын Ирсмухаммат Муслим
2-орын Нұрланұлы Мұртаза
3-орын Нурифат Нұрмухаммедұлы
10 ПАРА БОЙЫНША:
1-орын Әуесхан Нұрболат
2-орын Кошман Айдын
3-орын Құттыбай Дарын
МӘНЕРЛЕП ОҚУ БОЙЫНША:
1-орын Еркінбек Мұсабек Мәдәліұлы
2-орын Аюбай Нұрмұхаммед
3-орын Исмаили Азамжан Яхияхожаұлы
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі