«ИМАНИ ЖАЗ – 2025»: ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ҚОЛ КҮРЕСТЕН САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

23 маусым 2025 322 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері арасында қол күрестен сайыс ұйымдастырылды.

Бұл тартысты жарыс шәкірттердің күш-жігері мен төзімділігін сынауға бағытталған қызықты іс-шара болды. Жарыс барысында балалар өзара бақ сынасып, әділқазылардың қадағалауымен жеңімпаздар анықталды.

Сайысқа белсенділікпен қатысқан шәкірттердің көздерінен жеңіске деген жігер мен достық рух байқалды. Мұндай жарыстар балалардың дене дайындығын арттырып қана қоймай, өзара ұйымшылдық пен тәртіпке де баулиды. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен үздік қатысушыларға мешіт атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру