«ИМАНИ ЖАЗ – 2025»: ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА «МЕНІҢ СҮЙІКТІ МЕШІТІМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ (ФОТО)

24 маусым 2025 304 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсының аясында шәкірттер арасында «Менің сүйікті мешітім» атты жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды.

Байқау барысында балалар еліміздегі түрлі мешіттердің бейнесін қағаз бетіне түсіріп, өз қиялындағы сүйікті құлшылық ордасын көркем сурет арқылы жеткізуге тырысты. Жас дарындардың еңбектері әлеуметтік желілерде жарияланып, көп дауыс жинаған үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

13–15 жас аралығы:

1-орын – Елекенов Амир (Ахмет Б тобы)
2-орын – Қайдар Інжу (Зере тобы)
3-орын – Ілияс Арайлым (Зере тобы)

11–12 жас аралығы:

1-орын – Айтмұханбет Таңшолпан (Фатима тобы)
2-орын – Қалидін Надира (Амина тобы)
3-орын – Саржанова Жания (Амина тобы)

8–10 жас аралығы:

1-орын – Бахриддин Жансая (Фатима тобы)
2-орын – Исламбек Айша (Зейнеп тобы)
3-орын – Қалыбек Раяна (Хадиша тобы)

Бұл байқау шәкірттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, мешітке деген сүйіспеншілігін, рухани сезімін оятуға үлкен ықпал етті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру