ЕЛОРДАЛЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДІНИ ОҢАЛТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

22 тамыз 2025 114 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен елорда имамдарына Діни оңалту бөлімі бойынша семинар өтті.

Жиынға ҚМДБ Діни оңалту бөлім басшысының міндетін атқарушы Данияр Кенжалин, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

Жиында жат ағым өкілдерімен жұмыс істеу барысында олқылықтарға жол бермеу, шариғи білім мен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын білу секілді маңызды жайттарды атап өтілді.

Семинар барысында дін қызметкерлері түрлі жат ағым өкілдерімен кездескенде қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысып, нақты мысалдар арқылы тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, радикалды көзқарастағы азаматтарды оңалту жұмыстарының кезеңдері, психологиялық тәсілдер және оңалту барысында имамдардың этикалық ұстанымдары да сөз болды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру