ДІНИ ОҢАЛТУ БОЙЫНША ЕЛОРДАЛЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

26 маусым 2025 408 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен елорда имамдарына Діни оңалту бөлімі бойынша семинар өтті.

ҚМДБ Діни оңалту бөлім басшысының міндетін атқарушы Данияр Кенжалин жат ағым өкілдерімен жұмыс істеу барысында олқылықтарға жол бермеу, шариғи білім мен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын білу секілді маңызды жайттарды атап өтті.

Семинар барысында дін қызметкерлері түрлі жат ағым өкілдерімен кездескенде қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысып, нақты мысалдар арқылы тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, радикалды көзқарастағы азаматтарды оңалту жұмыстарының кезеңдері, психологиялық тәсілдер және оңалту барысында имамдардың этикалық ұстанымдары да сөз болды.

Жиында Жарбол Болатұлы дін қызметкері үшін үнемі кәсіби даму мен діни білімді жетілдіру қажеттігін баса айтып, қазіргі қоғамда дін атын жамылып, түрлі бағыттарға бөліну қаупі әлі де бар екенін ескертті. Сондықтан оңалту жұмысын жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру