ДІНИ БІЛІМ ЖӘНЕ КАДР ДАЙЫНДАУ БӨЛІМІ БОЙЫНША АСТАНА ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

26 маусым 2025 335 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен елорда имамдарына Діни білім және кадр дайындау бөлімі бойынша семинар өтті.

Семинар аясында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин арнайы баяндама жасап, діни білім беру жүйесіндегі жаңашыл бағыттар мен кадрлық әлеуетті арттыру жолдары жөнінде кеңінен тоқталды.

Семинар ашық пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар ҚМДБ тарапынан қолға алынып жатқан дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және діни білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды ақпараттар алды.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов өз сөзінде: «Имам – тек діни рәсімді орындаушы ғана емес, қоғамның рухани ұстазы. Сондықтан әрбір дін қызметкері білім мен біліктілігін үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл бағытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барынша қолдау көрсетіп келеді», – деп атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру