ДІН МЕН ДӘСТҮР АЯСЫНДА ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚ-ЖАУАП ОЙЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

01 мамыр 2025 112 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Әз-Наурыз – ырыс пен ынтымақ мерекесі» рухани-мәдени іс-шара аясында дін мен дәстүр негізінде қатысушылар арасында викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге арнайы сый-сияпаттар тарту етілді.

Іс-шара аясында арнайы тігілген киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүрлер мен қонақжайлық рәсімдері көрсетіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, қазақ халқы мен түрлі этнос өкілдері арасындағы рухани жақындық пен ынтымақты паш ететін мәдени бағдарлама ұсынылды.

Шараның негізгі мақсаты – қоғамда өзара сыйластық пен татулықты арттыру, Наурыз мейрамының рухани және мәдени мәнін кеңінен насихаттау, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу болды.

Бұл игі бастама – халқымыздың ұлттық құндылықтары мен рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру