БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

01 мамыр 2025 123 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында елордада дініміз бен дәстүріміздің сабақтастығының үлгісі, бірлік пен жылулықтың мейрамы, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтуге бағытталған «Әз-Наурыз – ырыс пен ынтымақ мерекесі» атауымен өткен рухани-мәдени іс-шарада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша жамағатты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Қазақстан халқының бірлігі күні – ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты, әртүрлі этнос өкілдерінің өзара сыйластығы мен ынтымағын айшықтайтын маңызды мереке. Біз бірлігі бекем ел ғана берекеге кенелетінін жақсы түсінуіміз керек. Бұл – Алланың бізге берген ең үлкен нығметтерінің бірі, – деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы ұлттық бірлік пен рухани тұрақтылықты сақтауда барша дін қызметкерлерін белсенді болуға шақырып, ел амандығы мен тұтастығы үшін тілектестігін білдірді.

Пікірлер Кіру