«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

15 тамыз 2025 366 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде оқу-ағарту бағыты бойынша имамдардың білімін жетілдіру мәселесіне орай жиын өтті.   

Жиында дін қызметкерлерінің білімін арттырудың маңыздылығы аталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен алдағы уақытта арнайы категориялар бойынша өтетін имамдардың аттестациялау емтиханы жайлы баяндалды.

Сондай-ақ, мешіт имамдарының жамағатпен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру, уағыз-насихат жұмыстарында заманауи тәсілдерді қолдану және үнемі білім жетілдіріп отыру қажеттігілігі ескертілді.

Астана қаласы өкілдігі бойынша оқу-ағарту бөліміне жауапты маман, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым аталған бағыт бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті талап, ережелермен таныстырды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру