«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ҚАБЫЛДАҒАН ТАКФИР АҒЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

21 тамыз 2025 51 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қала имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі қабылдаған такфир ағымына қатысты пәтуа таныстырылды.

Астана қаласының дін қызметкерлері қатысқан жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы пәтуаны жан-жақты түсіндіріп өтті.

ШЕШІМ: Такфир ағымының сенімі мен іс-әрекеттері әһлі сүннет жолын ұстанушы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ұстанымына қайшы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын мұндай ағымдар мен топтардан аулақ болуға шақырады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру