АСТАНА ҚАЛАСЫ МЕШІТТЕРІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ (ФОТО)

26 маусым 2025 444 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы барлық мешіттерде ұйымдастырылған «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл рухани әрі танымдық бағдарламада елорда мешіттері бойынша 1 500 бүлдіршін қасиетті Құран әліппесі мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеттерін үйреніп, дін негіздерімен танысты.

Курс барысында балаларға ислам әдебі, тазалық, ата-анаға құрмет, отанға сүйіспеншілік сынды адамгершілік құндылықтар дәріптеліп, әр мешітте қызықты ойындар мен танымдық жарыстар ұйымдастырылды.

Әр мешітте арнайы жабылу салтанаты өтіп, шәкірттерге ҚМДБ және мешіт атынан сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Имамдар мен ұстаздар балаларға ақ жол тілеп, ізгі тілек білдірді.

Айта кетейік, «ИМАНИ ЖАЗ» жобасы жыл сайын жазғы демалыс кезінде өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, мешітпен байланысын нығайту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру