АСТАНА ӨКІЛДІГІ: МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

01 мамыр 2025 130 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Әз-Наурыз – ырыс пен ынтымақ мерекесі» рухани-мәдени іс-шара аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар болып өтті.

Атап айтсақ, арқан тартыс, асық ату, қол күрес бойынша сайыс қызу өтіп, қатысушылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара аясында арнайы тігілген киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүрлер мен қонақжайлық рәсімдері көрсетіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, қазақ халқы мен түрлі этнос өкілдері арасындағы рухани жақындық пен ынтымақты паш ететін мәдени бағдарлама ұсынылды.

Шараның негізгі мақсаты – қоғамда өзара сыйластық пен татулықты арттыру, Наурыз мейрамының рухани және мәдени мәнін кеңінен насихаттау, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу болды.

Бұл игі бастама – халқымыздың ұлттық құндылықтары мен рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

Пікірлер Кіру