«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЗИЯНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)
15 тамыз 2025
310
0
Оқу режимі

ҚМДБ Діни оңалту бөлім басшысының міндетін атқарушы Данияр Кенжалин Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде жамағатпен жүздесіп, жат ағымдардың зияны және олардан сақтану жолдары жөнінде жұма насихатын айтты.
Кездесу барысында ол теріс діни ағымдардың қоғамға, отбасыға және жеке адамға тигізетін қауіп-қатері туралы баяндап, дұрыс діни білім алудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жамағатты дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстануға және діни мәселеде ҚМДБ-ның ресми пәтуаларына сүйенуге шақырды.
Жиын соңында мешіт жамағаты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру