«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

26 маусым 2025 452 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен «Әл-Ғани» мешітінде елорда имамдарының алқалы жиыны өтті.

Біліктілікті арттыру семинарына Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ Діни оңалту бөлім басшысының міндетін атқарушы Данияр Кенжалин, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы және елорда мешіттерінің бас имамдары қатысты.

Жиын барысында аталған бөлім мамандары имамдарға тиісті мәліметтерді беріп, өз салаларына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, дін қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Жиын соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға-тілек жасалды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру