6 шілде – Астана күніне орай Елорда мешіттерінің жамағаттары арасында достық пен салауатты өмір салтын насихаттайтын турнирі өтті.

06 шілде 2025 220 0
Оқу режимі

6 шілде – Астана күніне орай Елорда мешіттерінің жамағаттары арасында достық пен салауатты өмір салтын насихаттайтын турнирі өтті.
 
Турнирді ҚМДБ-ның Астана өкілдігі және Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
 
Мақсат – мешіт жамағаттары арасындағы бауырмалдықты арттыру, ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайту.
 
Жарысқа қатысқан командалар әділ әрі тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Төрешілік қызметті Астана әуесқой футбол лигасының кәсіби мамандары атқарды.
 
Жеңімпаздар:

 I орын – "Әзірет Сұлтан" командасы
Кубок | Медаль | Диплом  | 50 000 ₸ сертификат
 
II орын – "Әл Фаттах" командасы
Кубок | Медаль | Диплом | 30 000 ₸ сертификат
 
III орын – "Әл Ғани – Наките" командасы
Кубок | Медаль | Диплом | 20 000 ₸ сертификат
 
Арнайы номинациялар:

Үздік ойыншы – Балташ Алдияр (диплом және футбол добы)
Үздік қақпашы – Садуов Шыңғысхан (диплом және қақпашы қолғаптары)
Үздік қорғаушы – Қарақұлов Нұрлан (диплом және теннис ракеткасы)

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Бірлік пен бауырмалдықты арттырған осындай игі шаралар жалғасын таба берсін!

 

Пікірлер Кіру