«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ (ФОТО)

24 тамыз 2025 24 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 120 оқушыға сөмкелер мен оқу құралдары табысталды.

Игі іс-шара барысында көп балалы және мұқтаж отбасылардың балалары мектепке қажетті жабдықтармен қамтылып, жаңа оқу жылына үлкен демеу болды. Бұл қолдау балаларға қуаныш сыйлап, мешіт ұжымы ата-аналардың алғысына бөленді.

Айта кетейік, жыл сайын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика бойынша барлық мешіттерде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Оның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету және мектепке баруына кедергі болатын жағдайлардың алдын алу.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру