«РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ИГІ ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

24 тамыз 2025 29 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Раиса ана» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 55 оқушыға сөмкелер мен оқу құралдары табысталды.

Игі іс-шара барысында көп балалы және мұқтаж отбасылардың балалары мектепке қажетті жабдықтармен қамтылып, жаңа оқу жылына үлкен демеу болды. Бұл қолдау балаларға қуаныш сыйлап, мешіт ұжымы ата-аналардың алғысына бөленді.

Айта кетейік, жыл сайын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика бойынша барлық мешіттерде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Оның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету және мектепке баруына кедергі болатын жағдайлардың алдын алу.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру