«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА «ОН КҮНДЕ ҚҰРАНҒА ТҮС» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

15 тамыз 2025 339 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен жамағатқа «Он күнде Құранға түс» атты семинар өтті. Мешіт ұстазы Ерсайын Сәкеновтің жүргізумен өткен дәріс қатысушылары семинарды сәтті аяқтап, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысып, шәкірттерді кезекті жетістігімен құттықтады. Қала бас имамы өз сөзінде: «Құран – Жаратушының адамзатқа жіберген ең ұлы нығметі. Оны үйрену – мұсылманның ең абзал істерінің бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің» деп өсиет еткен. Құран оқу – жүрекке тыныштық, өмірге береке әкеледі. Әрбір әрпін оқығанға он сауап жазылады. Сол себепті білім алу жолындағы әрбір қадам – ақыретке жол ашатын қазына», – деп атап өтіп, іздену жолында жамағатқа сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, қала бас имамы аталмыш семинар «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір айда екі рет өткізіліп отыратынын хабарлап, жамағаттың білімін арттыру мақсатындағы игі бастаманың жалғасатынын жеткізді.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру