«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

24 тамыз 2025 114 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен «Мектепке жол-2025» қайырымдылық шарасы өтіп, балаларға оқуға қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар тарту етілді.

Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының мұрындық болуымен жүзеге асқан шара барысында көп балалы және мұқтаж отбасының балалары оқу құралдарымен қамтылып, ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Жаңа оқу жылына үлкен қолдау болған бұл игі қадам балаларға ерекше қуаныш сыйлады.

Айта кетейік, әр жылы ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен республика бойынша мешіттерде «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

 Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру