«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 550 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ (ФОТО)

24 тамыз 2025 82 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан «Мектепке жол-2025» қайырымдылық шарасы аясында 550 балаға оқуға қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар үлестірілді.

Аталмыш жоба Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығы мен Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының аясында жүзеге асты.

Шара барысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай мұқтаж және көп балалы отбасыларға тізім бойынша оқу құралдарын таратып, ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Жаңа оқу жылына үлкен қолдау болған бұл игі қадам балаларға ерекше қуаныш сыйлады.

Айта кетейік, әр жылы ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен республика бойынша мешіттерде «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

 Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру