АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

07 тамыз 2025 655 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде имамдардың білімін жетілдіру бойынша жиын өтті.   

Жиында қала бас имамы имамдардың діни, рухани және заманауи бағыттағы білімін арттырудың маңыздылығына тоқталып, дін қызметкерлерінің қазіргі қоғамдағы орны мен жауапкершілігін атап өтті. Сондай-ақ, мешіт имамдарының жамағатпен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру, уағыз-насихат жұмыстарында заманауи тәсілдерді қолдану және үнемі білімін жаңартып отыру қажеттігін ескертті.

Жиын барысында қатысушыларға бірқатар оқу-әдістемелік тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта өтетін білім жетілдіру курстарының жоспары таныстырылды. Іс-шара соңында өз қызметінде белсенділік танытып жүрген «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыбекұлына арнайы алғыс хат табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру