АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ХІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

24 шілде 2025 732 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауға іріктеу сайысының жеребе тарту рәсімі өтті.

Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы өкілдігі бойынша өткен іріктеу сайысына барлығы 50 үміткер қатысады. Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша өтеді.

Жеребе тарту рәсімі – байқаудың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында үміткерлердің кезегін кездейсоқ тәртіппен анықтайтын маңызды кезең болып есептеледі.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру