«АСТАНА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

22 тамыз 2025 77 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Астана» медресе-колледжінің директоры қызметіне Қанат Оңғарбаев тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков таныстырып, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Салтанатты рәсім барысында С.Сейтбеков бұған дейін аталмыш оқу ордасында 2020 жылдан бері директорлық қызметті атқарып келген Бақтыбай Бейсенбаевқа осынау жылдар аралығында шәкірт тәрбиелеу жолындағы атқарған қажырлы қызметі үшін алғысын айтып, Бас мүфти атынан алғыс хат табыстап, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Қанат Оңғарбаев – «Нұр-Мүбәрак» университетінің «Исламтану және араб тілі» мамандығы бойынша түлегі. Сондай-ақ, аталған оқу орнында «Исламтану» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Қатар мемлекеті, Доха қаласындағы «Хамад бин Халифа» университетінде білім жетілдіру тәжірибесінен өткен.

Өзінің еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы Орал орталық мешітінде наиб имам болып бастаған. Кейін ҚР Әділет министрлігінде діни сарапшы, «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» маманы, қор директоры қызметтерін атқарған. Соңғы жылдары «Астана» медресе-колледжінде директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру