«AQ MESHIT» МЕШІТІНІҢ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ РУХАНИ-МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ (ФОТО)

03 тамыз 2025 494 0
Оқу режимі

«Aq meshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимовтің қолдауымен және  Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының «Aq meshit» мешіті бойынша жауапты өкілі Әлім Жақыптың ұйымдастыруымен ерекше рухани-мәдени іс-шара өтті.

Мақсат – жастар арасында дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Іс-шара аясында мешіт жастары атқа мініп, қазақтың ұлттық ойындарынан сайысқа түсті. Арқан тарту, ләңгі тебу, садақ атудан өзара бәсекеге түсіп, ептіліктері мен бірліктерін сынады.

Жарыс соңында жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталып, барлық қатысушыларға алғыс айтылды. Сонымен қатар мешіт жамағаты мен жастарға арнап бірлік пен ынтымақ тақырыбында тағылымды уағыз-насихат жүргізілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру