«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЗИЯНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

15 тамыз 2025 313 0
Оқу режимі

ҚМДБ Діни оңалту бөлім басшысының міндетін атқарушы ​Данияр Кенжалин​ Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде жамағатпен жүздесіп, жат ағымдардың зияны және олардан сақтану жолдары жөнінде жұма насихатын айтты.

Кездесу барысында ол теріс діни ағымдардың қоғамға, отбасыға және жеке адамға тигізетін қауіп-қатері туралы баяндап, дұрыс діни білім алудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жамағатты дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстануға және діни мәселеде ҚМДБ-ның ресми пәтуаларына сүйенуге шақырды.

Жиын соңында мешіт жамағаты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру