ТАҢДАУ

22 тамыз 2025 108 0
Оқу режимі

Бір қарағанда,салмақтылау қылмыс жасаған бір кісіні сот алдына әкеліпті.

Адам өлтіріп, зорлық жасаған түгі де жоқ,адамгершілік жағынан бұл дұрыс істеген, ал заң бойынша қылмыскер.

Істің мән жайына қаныққан әділ қазы,

Айыпталушыға таңдау берді; Біріншісі түрме. Өзгелер сияқты жазасын жабық түрмеде өтеу болса, екіншісі жабық тұрған,үлкен, ауыр темір есікке кіру.

Тек ескерту; бұл темір есікке кірген адам қайтып оралмайды.

Қылмыскер аз кем ойланып, түрмені таңдады. Жазықсыз болсада, қиналсада жазасын өтеп болғасын шығады ғой, ал темір есікке кіріп оралмай қалу қорқынышты. Таңдау жасалды, жазасын түрмеде қапаста өтемек.

Алайда қызығушылығы артқан қылмыскер,түрмеге кетер алдында бір сұрақ қойды;

«Ана темір есік артында не бар еді?» деген.

Әділ қазы сәл жымиып: «Ештеңе! Жәй ғана темір есік. Ал ар жағында бостандық!. Міне сондықтанда оған кірген адам қайтып оралмайды» деген екен.

Адамзатты үрейде ұстайтын Белгісіздік!.

Бала кезінде шынжырға байланған пілдің баласы сияқты жұлқынуға қорқады, жұлқынған сайын қыса береме деген ой қалыптасып қалған.

Аяғын бір сермеп шынжырды үзген піл еркіндікке кетер еді, бірақ үрейге бой алдырған ол үйретушінің берген азығы мен ұратын шыбығына көніп тұра береді.

«Ертеңгі күнің не болары белгісіз» деген үрей бүтін бір мемлекеттерді құрсауда ұстап отыруға ыңғайлы құрал.

«Доңыздан түк тартсаңда пайда» деген, кезексіз мереке мен демалыстарыңыз сәтті өтсін.

 

М.Кенжебаев. Бейнеу.

Пікірлер Кіру