ТӘКАППАРЛЫҚТЫҢ 7 СЕБЕБІ

14 тамыз 2025 600 0
Оқу режимі

Адам бойындағы болатын теріс қасиеттердің ең жаманы, адамдарға жағымсызы, ең лайықсызы, ол тәкаппарлық, менмендік. Алла Тағала мұндай қылыққа қатаң түрде тыйым салған:

«Шындығында Ол (Алла) тәкаппарларды ұнатпайды» («Нахыл» сүресі, 23-аят).

Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде:

«Жүрегінде түйірдей иманы бар адамның бәрі тозаққа кірмейді. Жүрегінде түйірдей тәкәппарлығы бар адамның бәрі жұмаққа кіре алмайды»

Тәкаппарлықтың 7 себебі бар:

1. Ілім – ілім иесі болған кейбір адамдар тәкаппарлық  дертіне тез шалдығады. Олар өзінде болған ілімінің көптігінен өздерін басқалардан жоғары ұстайды. Олардың тәкаппарлығы екі себепке негіз болады

2. Амалы себепті тәкаппар болу.  Бұл сипаттағы тәкаппарлық Аллаға ерекше, көбірек құлшылық етуші адамдардан болады

3. Тегі мен дәрежесі арқылы тәкаппарлану

Тегі шарапатты, беделді  болған адам өзінен білімі мен амалы артық, жоғары болған адамға тәкаппарланып қарым-қатынас жасайды. Олардың түсінігінше, басқа адамдар олардың құлы немесе қызметкеріндей болады. Исламның үйретуінде  тектік, беделдік кісінің амалынан жоғары қойылмаған.

4. Көркімен тәкаппарлану.

Бұл нәрсе әдетте әйелдер арасында көбірек кездеседі. Олар бір-бірлеріне көріктері арқылы басқалардын айыптарын ақтарумен болады.

5. Мал-дүниемен тәкәппарлану.

Мал-дүниесі, ақшасы көп  кісілер, Ислам тәрбиесін алмаған болса кедейлерден, жағдайы төмен адамдардан өздерін, мал-дүниесімен жоғары ұстап тәкәппарлануы. Олардын тәкәппарлығы әңгімелері мен істерінен байқалып қалады

6. Күш-қуатымен мақтанып тәкаппарлану.

Дене күші мықты адамдар, спорт шеберлері, күресшілер, боксшылар жайлы айтылады. Тәкаппарлардың өздерінің қарсыластары төмен, күшсіз, әлсіз болғандардың үстінен қарауы.

7.Өз жағындағы жақындарымен тәкаппарлану.

Кісі өзінің қарамағындағылары, шәкірттері, қызметкерлері, туған-туыстары, жора-жолдастары және балаларымен тәкаппарлану.

Пікірлер Кіру