ТӘКӘППАРЛЫҚ пен МЕНМЕНДІК

ТӘКӘППАРЛЫҚ пен МЕНМЕНДІК — ең қауіпті, ең күйретуші кемшіліктердің бірі.
Олар жалған үстемдік сезімін тудырып, сыртқы мақтауға тәуелділікке итермелейді.
Мұндай қасиеттер адамды тек өзгелерден ғана емес, өзінен де алыстатады.
Өкінішке қарай, арамызда да ақылға, мейірімділікке не іс-әрекетке емес — сырт келбетке, мәртебеге, киімге қарап бағалайтындар бар.
Олар үшін бастысы — сыртқы көрініс.
Алайда адамның шынайы құндылығы ешқашан сыртта жатпайды.
Ол іс-әрекетінде, жүрегінде, өзгелерге деген қарым-қатынасында көрінеді — әсіресе, жай ғана өтіп кете салуға болар сәттерде.
Қарапайым болу — сырт келбет туралы емес.
️Бұл — жан тазалығы.
Бұл — кім болсаңыз да, өзіңізді өзгеден жоғары қоймау деген сөз.
Бұл — бәріміз адам екенімізді, әркім құрметке лайық екенін есте сақтау.
Қарапайымдық пен адалдық — көп сөзді қажет етпейтін қасиеттер.
Олар сіздің қалай тыңдайтыныңыздан, қалай сөйлейтініңізден, сізге пайдасы жоқ адамдарға деген қарым-қатынасыңыздан байқалады.
Тәкаппарлық пен менмендік жүрегіңіздегі адамды көлегейлеп тастамасын.
Өйткені нағыз ұлылық — кішіпейілдікте, адамгершілікте және құрметте.
Kulyanda Baturbekova фб парақшасынан