М І Н Ә Ж А Т

11 тамыз 2025 334 0
Оқу режимі

Мына адамдар жас үйірсе көзіме,

Қорлық көрсе ет жүрегім езіле.

Сонда, Раббым, шарасыз күй кешем де,

Бас ұрамын қайта келіп өзіңе.

МЕНІ СҮЙРЕП КЕЛЕ ЖАТҚАН - ТӨЗІМ ҒОЙ,

СОҢҒЫ ТАБАН ТІРЕР ЖЕРІМ - ӨЗІҢ ҒОЙ!

Егер мені түсінбесе адамзат,

Болған кезде мынау Дүние - маған жат.

Құлдығыңа бас ұрам да сол күні,

Құзырыңа қайта барам қадамдап.

СЫЙДЫРМАСА МЫНАУ БАЙТАҚ КЕҢ ДАЛА,

МЕНІ, РАББЫМ, ТҮСІНЕТІН - СЕН ҒАНА.

Өгейсітсе бір күн мені ақ таңдар,

Ада еткен кезде бүткіл бақтан бар.

Сенен медет күтем сонда зарығып

Аятымды іштей оқып жаттанды әр.

ҚҰРАНДАҒЫ ӘРБІР СӨЗІҢ - ЕМІМ ҒОЙ,

МЕНІ ҚАЙРАР - САҒАН ДЕГЕН СЕНІМ ҒОЙ!

Өмірімнен кетсе бір күн мағына,

Бәзбіреулер балта шапса бағыма.

Кең пейілді,

Кешірімшіл - сен ғана,

Шағым айтып барам Саған тағыда.

ЖАРЫЛҚАЙТЫН СЕН ҒОЙ КӨҢІЛІ ЖАРЫМДЫ,

АЙТҚЫЗБАЙ-АҚ ҰҒЫНАТЫН ЖАНЫМДЫ.

Сенен ғана медет күтем, тек сенен,

Рақымыңа бөленермін жетсе дем.

Сен – БІЛУШІ,

Сен – ЕСТУШІ, КӨРУШІ,

Мен ӨЗІҢЕ – өзімнен де көп сенем.

ЕҢ ҚҰДІРЕТТІ,

ЕҢ ДАНЫШПАН,

ЕҢ ДАНА,

БАР ӘЛЕМНІҢ БИЛЕУШІСІ - СЕН ҒАНА!

 

Санжар Ғұлама

 

Пікірлер Кіру