“КҮЙЕУІҢ - АДАМ… ОЛ МАШИНА ЕМЕС”

1.Егер күйеуің мына жағдайлардың бірінде болса… оны түсін:
1. Уайымға батса
2. Бір уақытқа сөйлескісі келмесе
3. Өзін күтпесе
4. Ішке бүгіп, сыр ашпаса
5. Тым-тырыс болып жүрсе
6. Кейде ашуланса
7. “Бұл нәрсеге ақшам жоқ” десе
8. Ұйықтап жатып сөйлесе немесе түс көрсе
9. “Бұл жерге сенімен бара алмаймын” десе
10. Себепсіз жылап қалса
Есіңде болсын: Күйеуің - банкомат емес, жұмыс істеуге арналған робот емес. Ол - ет пен сүйектен жаралған, сезімге толы, әлсіз сәттерді бастан кешіретін нағыз адам.
2. Ер адам неге уайымын әйелімен бөліспейді?
Көбіне еркектер мына себептермен сырын айтпайды:
• Әйелінің көңіл-күйі немесе күтпеген реакциясынан
• Әйелінің ауыр сөз айтып, іліп аларынан
• Қадірін кетіретін көзқарасынан
• Басқамен салыстыруынан
• Әлсіз екенін көрсеткісі келмегендіктен
• Әйелін уайымдатқысы келмей, қорғағысы келетіндіктен
3. Ер адам күйзеліске қалай жауап береді?
Ер адам қиындықты бастан кешіргенде көбіне:
• Тосыннан ашуланады
• Күндер бойы үндемей қалады
• Балаларына немесе саған шыдай алмай қалады
• Адамдардан жырақтап, оңаша болғысы келеді
Шын себеп: Ол ішкі шайқасын жалғыз өзі жеңгісі келеді.
5. Ер адамды ең қатты қинайтыны:
Бала ойыншық не киім сұрағанда, сатып әперуге шамасы келмесе - Бұл саған қарапайым көрінуі мүмкін,
бірақ ол үшін - жүрекке пышақтай бататын жағдай.
Ол бұл сәтте өліп кеткісі келуі мүмкін, бірақ “мен әке ретінде дәрменсізбін” деген сезімнен артық азап жоқ.
6. Қарындасым, саған бір аманатым:
Күйеуің осындай қиын сәттерден өтіп жатса:
-Үнсіз бол - оны тыныштандыр, өзіне келсін
-Жұбатушы бол - жаймен сөйлес, сенімді тірегі бол
-Көңіл-күймен қысым жасама - уайымдаған ер адамға тыныштық пен демеу керек, ұрыс емес
Әр нота, әр айғай - оны үйден бездіріп, тыныштықты сырттан іздеуге итермелеуі мүмкін.
Оның үнсіздігі - азап.
Сенен жасырып жүргені - сені жақсы көргендіктен, сені ауыр уайымнан қорғағысы келетіндіктен.