БІР КЕМ ДҮНИЕ

20 тамыз 2025 147 0
Оқу режимі

Алтын өзі тотықпайды,

Адамдардың жанын тотықтырады.

Бір кем дүние...

 

Араны ашылған, ашқарақ тойымсыздар - адалдықтың қазығынан ажырап қалғандар.

Адалдықтың қазығы - қанағат.

Бір кем дүние - зор кем дүние.

 

Егер адамның жүрегінде мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге тиіс. Егер еріте алмаса, ол осал шығарма.

Бір кем дүние.

 

Өзгенің көлеңкесінде тұрғанның өз көлеңкесі болмайды. Өз көлеңкесі болмаса - өлгені.

Бір кем дүние.

 

Адамды аздыратын жаман қылықтар да адамның өзінен шығады. Ол да тат. Оны сабындап жуып кетіре алмайсың.

Бір кем дүние.

 

Уақыт - мәңгілік. Мәңгілік басталмайды да, аяқталмайды да.

Бір кем дүние.

 

Таланттар раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашады, көңіл ашады. Тікені, азабы өзіне. Талантсыз топастар шошқа тікен сияқты. Гүлдемейді. Сүйкімсіз. Азабы өзгеге. Жамандық солардан.

Бір кем дүние.

 

Мектеп қартаймайды.

Мектеп бітіргендер қартаяды.

Бір кем дүние.

 

Руxтары мәңгі сөнбейтін алыптар екі дүниеде де жарқырайды.

Бір кем дүние.

 

Адамда бәрі де болуы мүмкін. Әйтеуір, бірдеңе жетпей тұрады.

Бір кем дүние.

 

/Шерxан Мұртаза/

"Бір кем дүние..."

 

Пікірлер Кіру