АҚЫЛ – ПАТША, ДІН УӘЗІР

01 тамыз 2025 501 0
Оқу режимі

Құранды, жалпы дінді түсіну үшін ақыл мен нақылдың сабақтастығы өте маңызды. Нақыл дегеніміз - Құран мен хадис. Бұл жөнінде әйгілі ғұлама Рағиб әл-Исфаһани (қ.ж. 1108) "әз-Зариға илә мәкаримиш-шариға" атты еңбегінде нақылды (уахи) адамға сырттан берілген ақыл, ақылды адамның ішінен туындаған уахи ретінде түсіндіреді.

Бұл туралы ол былай дейді:

«Алла адамзат баласына тура жол көрсету үшін екі елші тағайындаған. Ол екі елшінің бірі іштен, бірі сырттан. Іштен келетіні – ақыл, ал сырттан келгені – Пайғамбар/уахи. Іштен туындаған елшіден пайдаланбаған (ақылды іске қоспаған) адам, сырттан келген елшіден пайдалана алмайды. Іштегі елші сырттағы елшінің шақыруының сахих (сенімді/дұрыс) екенін біледі. Егер, олай болмаса, ол себепті жауапкер болуы мүмкін емес. Сол себепті Алла Тағала өзінің уахданияты (тәухид) мен пайғамбарларының елшілігіне қатысты күмәнге түскендерді ақыл-ойға жүгінуге шақырады. Ақыл – патша, дін уәзір. Ақыл болмаса, дін тұрақтылығы мен тазалығын/саулығын сақтай алмайды (Ақыл болмаса, дінді түсіну мүмкін емес). Сондай-ақ дін болмаса, ақыл да әрдайым ақиқатты таба алмай адасады. Ал ақыл мен діннің сабақтастығы - Алланың бұйырғанындай «нұр үстіне нұр» (Нұр сүресі, 24/35).

Қазіргі мұсылмандардағы дағдарыстың бірі - ақыл мен нақыл сақтастығының жоқтығы. Бірыңғай нақылшылдық/мәтіншілдік немесе бірыңғай ақылшылдық бар.

 

Тәпсір_ілімі (тарихы, әдіснамасы және мәселелері)

Жоламан БҰЛАНҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру