ҰЛТТЫҢ РУХЫ - БАТЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Қазіргі басшыларға айтарым жоқ, оларды сөгуге де ақым жоқ. Мен ататын тас, өткен басшыларға... кейбірінің көңіліне келсе, қайтейін енді. Әйтеуір хақтың абыройы асқақ, сол сақталса жетер. Себебі, халықтың ақысы, олардың ақысынан жоғары тұрады, мен үшін сол маңызды.
Сонымен бастайын: Әрбір халықтың өзіндік батырлығын, ұлттық намысын, күш-қуатын біріктіретін рухани кәусар бұлағы, көл-дариясы, ұлттық қоры, қазынасы болады. Өткен шақ, халықтың жабайылық пен надандықтарыны пайдаланып лас жолмен, жоспарлы түрде зорлық-зомбылықпен әлгі каусар бұлақты сыртқа ағызып, әлгі қазына-қорды тауысып өмір суын шөлейтке, далаға ағызды. Содан, кейбір жалқаулар мен қайыршылар көктеп-көгеріп өсіп-өнді.
Тіпті сол жалқаулар мен қайыршылар, дүниелік байлыққа масаттанып, мұрынын шүйіріп, құтырып, тырнақтарын кішкене ауға шыққан аңшы-бейшаралардың (нағыз саясаткерлердің) тамағына (өңешіне) ұмтылып, олардың осал тұстарын пайдаланып олардың аулаған аңдарын жіберіп, айырылып қалсын деп тырысып бақты.
Сонымен біздегі ұлттық қазына-байлық бұрысқа жұмсалды. Басқа халықтың ұлттық қазына-байлығы болса дарияға құйған көлдердей бірігіп, халықтың қойынында сақталып қазына-қорға айналды.
Сондай-ақ, өткен шақта кейбір ірі бастылар, ұлттық намысты сақтап тұратын ұлттың батырлығын бұрысқа жұмсап бей-берекесіз айдалаға төгіп, сексеуілді бір-біріне ұрып сындуру деген тәсілді қолдану арқылы халықты батырлықтан да жұрдай қылды. Яғни, әрбір азамат әлгі күш-қуаттың қобдиша сандығын басқаның басына ұрып сындырды, сынып қалды. Тіпті бес жүз мың ержүрек батырмен халықтың ар-намысын сақтауға болатын орасан зор қуатты өзарасына қолданып жік-жік болып, ыдырап астан-кестеңін шығарды.
Оны емдеудің ем-шарасы бар, ол:
Біріншіден: Халықтың матерелды және рухани жеткен жетістіктерін өркениет деп атайды. Ал өркениеттің алғы шарты, ірге тасы, талабы болып табылатын: «Мен өлсем, елім, жерім, жұртым аман болсын!» деген жоғары, қасиетті ұғымнан тұрады.
Ал, азғындықтың көкесі, керітартпалардың жолы, қара басын ойлаудың озық үлгісі: «Мен өлетін болсам не болса, ол болсын! Неге дүние жаппай қараң қалмайды?» немесе мен шөлден өлер болсам, менен кейін бір тамшы су жаумаса да болады деген ақымақ ой, соқыр сезімнен тұрады.
Міне, осы азғындық біздің қамқорлық деген сезіміміздің орнын алып, бізді жетектеп бара жатқанғанға ұқсайды. Ал, шет елдіктердің бір жанкештісі: «Мен өлсем халқым аман болсын. Олардың арасында мен тірі болып, рухани өмірім жалғаса бермек!» дейді.
Өкінішке орай, жақсы қасиеттеріміз бен жағымды мінез-құлқымызды сол шет елдіктер ұрлап алған секілді. Бейне бір, қоғамға қатысты кейбір жақсы мінез-құлық, әдет-ғұрпымыз бізден сый-құрмет көрмегендіктен ренжіп оларға кетіп қалған ба? -деймін. Ал, олардың жағымсыз, азғын қылықтары олар арасында қызығушылық көрмеген соң біздің надандық есігімізден ентелеп кіріп кеткен бе? -деп қаламын.
Ендеше, бұл қасиетіміз бен жағымды мінез-құлқымызды қайтарып алудың бірден-бір шарасы ол хақ дін исламның қамқорлығы мен жанашырлығын қайта тірілтуде деп білемін. Себебі, бұл жағдай халқымыздың тәжірибесінде көп кездеседі. Діннің потенциалы, локоматив күші, иман деген ең жоғары қасиеті ата-бабаларымызға жан-тәнімен, ар-ожданымен, ақыл-санасымен тіпті бар күшімен былай дегізген еді: «Өлсек шаһитпыз, тірі қалсақ ғазимыз». Олай болса біз де: «Біз өлсек халқымыз жасасын, ол мәңгі тірі болсын. Мұсылман халқым аман болсын. Ақыреттік сауап маған жетеді. Халқымның арасындағы рухани өмірім жалғасып мені мәңгі жасатпақ. О дүниеде рахатқа бөленемін! «Өлім – наурыз күні секілді, ол бір көктем!» деп қамқорлықтың нұрлы ұранын ұстануымыз керек.
Екіншіден: Біздің ең үлкен ауруларымыз надандық, мұқтаждық, алауыздық екені белгілі. Міне осы ауруларымызды ілім, өнер және ауызбіршілік арқылы емдеуге міндеттіміз. Басқаша айтқанда, ұлтшылдық пікірімен халықтың кеудесіне «кәусар» бұлағындай ілім-білім, сүйіспеншілік, бауырластық дейтін көл-дария салу маңызды!
Адам қолы жетпеген және білмеген нәрсесінің дұшпаны деген ұлағатты сөз бар. Біздің қолымызды кісендеп, үмітсіздікке түсірген дұшпан ол - надандық. Кедейшілікке батырып, артта қалуымызға себеп болған өнердің (технологияның) жоқтығы. Ал, алауыздыққа түсуіміздің себебі бір-бірімізді байлайтын рухани шынжырларымыздың бар екенінен бейхабар қалуымыз.
Біле білсеңіздер, арнасы кең алып дария бар еді осы кезге дейін бұрыс пайдаланып, суы шөл далаға бей-берекет ағып кейбір қайыршылар мен байғұс бейшараларға жақсы болды, олар өсіп-өніп алды. Ол бұлаққа ілім, өнер, махабат деген бір арна жасау маңызды! Бұл әсте тауысылмайтын, еш сарқылмас бұлақ көзі.
Исламтанушы, PhD докторы Темур АМАНҚҰЛ