ҚАЗАҚТЫҢ СӘЛЕМІ

Соңғы кезде “АССАЛАМУ ҒАЛАЙКУМ”-нен және сәлем сөзінен жерігіштер пайда болды. Олар өздерінше қазақтың АР (“АРМЫСЫҢ”) сөзін қолданғысы келеді. Ар сөзін қолданайық, бірақ, күллі мұсылманның ортақ амандасуы ассаламу ғалайкумнен жеріп не керек бар бар?
Сонда бұлардың көкейін тескен қазақшылдық, ұлтшылдық, ұлтқа жанашырлық па? Әлде мұсылмандыққа қарсылық, исламға дұшпандық па?
Бұл ешқандай қазақшылдық та, ұлтшылдық та емес! Бұл - Қазақты иманнан, діннен, мұсылмандықтан жеріту, исламофобия.
Қазақ мұсылмандықтан, исламнан, діннен, иманнан бас тартты делік, сонда қазақ қайда барады? Нәтиже не болады? 1200 жыл бойы исламмен сабақтасқан қазақтың дәстүрі не болады?
Қазіргі тәңіршілдіктің, оны көтеріп жүрген адамдардың да сиқы белгілі. Ол енді қазақтың, жалпы түркінің руханияты бола алмайды. Шын тәңіршілдікті іздеген адам, оны исламнан табады. Өйткені бұрынғы тәңіршілдік исламмен синтезделген, исламмен сабақтасқан. Ал қазіргі тәңіршілдік - секта, қазақты адастыру.
Қазақ исламнан бас тартса (бас тартуы мүмкін емес), атеизмге, христиандыққа және түрлі секталарға бөлінеді.
Jolaman BULAN