ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

27 маусым 2025 258 0
Оқу режимі

Бала күнімде бір кейуана болушы еді. Біздің үйге күнара келетін. Әжем оны Маракүл дейтін. Шын аты Саракүл. Үйіндегі қариясы менің атамнан үлкен болған соң солай атайды екен.

Екеуі ауыл адамдарын әңгіме қылғанда, біруді өз атымен атағанын естімейсің. "Пұшықтың" соққан пеші жақсы, "Керең қыздың" келіні кетіп қалыпты, "Сайғонға" тұмақ тігіп бердім, "Үлкен үйдегі келіндер", "Сәріпхан" сиырларды қамап тастады, "Мәшинеші атамның" үйі, "Сайдалы", "Сәліхан", ..." -деп кете береді.

Ауылымыздың түбі бір атадан тараған ағайындар ғой. Қандай тәрбие, қандай әдеп! Әйтпесе жасы да келіп қалған кісілер ғой.

Сол уақыттарда жетпістен асып кеткен кісілер еді. Сол әжелеріміздің тәрбиесін көрген ауылдағы келіндер әлі де қайныларының атын атамайды.

Осындай салт-дәстүріміздің сарқытын сақтап отырған ауылдағы ағайынға алғысымыз шексіз.

 

Гүлзия ҚАРАҚҰЛОВА

 

Пікірлер Кіру