МӘШҺҮРДІҢ ҒИБРАТ СӨЗДЕРІ

Құдайдың құдіретінің шеберлігін білемін десең, өз бойыңа қара. Қандай шеберлеп жаратқан? Іші -тысы бір- біріне хилап, басын қалай қосып біріктірген?
Бұл әлем жүзінде барлық өнер құлақ естімеген, көз көрмеген ғажайып тамашалар баршасы да осы адамның қара бойынан табылған. Дене - бір қараңғы үй. Жан- сол үйді жарық қылып тұратұғын сәуле дегенде, сәуле отсыз болмайды. От болса, оның екінші бір нәрсесі қыздыратұғын қызуы болады. Ол қызу денедегі қанды қыздырады. Сонан соң денедегі жұмыстардың бәрін қан жұмыстатты. Денеде жанға серік болуға жарайтұғын нәрсе қан. Жан сәуле дейік, жүрек айна дейік. Айнаға түскен сәуле ойнақшып тұрады. Жүректің лүпілдеп , ойнақшып тұратұғыны сол, жүрегі айна болуға жараған жан өз бойындағы ерік- ықтиярын өзі билейді. Жүрегі айна болуға жарамаған жанды қан билейді, қан бұза бастайды. Бұзықтық табылған адамды ,,қаны бұзылған шіркін ғой,, -дейтіні сондықтан.
Әркімнің жаны бір қалыпта тұрмайды. Дене бір қараңғы үй, жан онда жарық қылып тұрған нұр. Біреудің жаны шырағдан сықылды, кейбіреудікі майшам сықылды. Кейбіреудікі тас шам сықылды, кейбіреудікі керосин майы сықылды. Кейбіреудікі онан да жарық, машинамен жағылатын электрі бар жарық сықылды. Онан да жарығы зор нұрлы жан болады.
Құдай тағала сараңдықты білмейді, сараң емес. Бірақ сонда да ақылды Адамзаттан басқаға қимады да, бермеді.
Ғақыл деген өзі не нәрсе? ,,Алқұл нұрфи лығылып,,. Ғақыл Адамның жүрегінде бір свет нұр жарық. Ол нұр жүректе жанып, сәулесімен миға барып түсіп, қызметін сол жайдан ада қылады. Сол үшін айтылады, ғақылды кісіні - милы кісі деп, ғақылсыз кісіні -мисыз ақымақ деп.
Пенде Алла тағаланы немен біледі? Ғақылмен біледі. Ғақыл бір нұр. Құдай тәбәрік тағала ол нұрды өзі сүйген пендесінің жүрегінің ішіне орнатумен сәулесі миға барып орнап, тұрағы ғаршы, күрсінің күрсісіне барып тұрақтайды. Бұл қасиеттен ғаршы, күрсіден бергі жер- адам ойлап білуіне мүмкін. Онан жоғарыға ғақыл зейін жетпейді. Ғақыла ухилмақ айтқандар- ғақыл базада сатылатұғын нәрсе болса еді. Маңдайында болған бар малдың ұшы осы болды. Егер ,,Иесін беріп сатып ал!"- деген сөз не үшін?- десең, Адамның хақ қасында, һәм халық қасында қимасты өз ғақылының мөлшеріне қарай болады. Ғақыл көрінбеген нәрсені ойлап, білуге керек. Зейінге , ойға салып қарасаңыз, адамның басының ішіндегі мидың бес қызметкері бар. Мұны ,,хуас,, ,,хамса,, ,,батна,, дейді. Ең әуелгісі қуат хыс міштірік. Бірі қуат хияла. Бірі қуат мітіңре, бірі қуат уаһима, бірі қуат хафза.