КЛАССИКАЛЫҚ ИМПЕРИАЛИЗМ МЕН НЕОИМПЕРИАЛИЗМ

Біріншіден: XIX-XX кезеңдер классикалық империализм сипатында яғни, саяси, рухани, мәдени шектеулердің бұғауында өрбіді. Осылайша ислам әлемін шектеп, көптеген ұлттарды кісендеп отырды. Енді осы үш шектеуді салыстырып көрейік. Мысалы, Орыс үкіметінің саяси үстемдік етіп озбырлық жасауы бір шектеу. Орыс халқының өзге ұлттардың ынта-жігерін отарлауы, құлдық сана қалыптастыруы арқылы үкім жүргізуі өзінше бір шектеу және күпірлік әдет-ғұрыптар, озбыр заңдарының үстемдігі ол үшінші бір шектеу.
Ағылшын өкіметі де, сырттай озбыр емес секілді көрінгенімен халқы үстем тап, өктемшіл. Әдеттерінің өзі тиран, озбырлыққа негізделген. Айтқаныма айғақ, анау Үндістан. Ал, жарты айғақ сонау Мысыр.
Екіншіден: XXI- ғасыр неоимпериализм дәуіріне айналып үлгерді. Яғни, бұрыңғы империялар өздері отарлаған елдерді неоколониализм арқылы экономикалық, технологиялық және мәдени тәуелділікке негіздеді. Басқаша айтқанда, империалардың аты өзгергенімен заты өзгермей қалып қойды.
Жаңаша әрекетке баруларына “мәдениет” және “демократия” дейтін құндылықтар адамзат әлеміндеүстемдік етуі себеп болды. Бұрын әрнәрсені сылтауратып халықтарды қанап, отарлап келсе, енді адамгершілікке сай мінездерді алға тартуға мәжбүр болды. Себебі, бірбеткейлік жасап, алдамшы сезімдерді қоздыратын сылтау таба алмады. Тапса да ешкімді сендіре алмады. Мәдениет дейтін ұғым адамгершілікке шақырып, сүйіспеншілік сезімін оятты.
Бұл отарлауға қарсы келесідей шараларды қолға алу маңызды. Олар:
✅ Білім мен ғылымға негізделген исламды қолдау. Надандықтың ағасы, інісі, мырзасы болған жалған сопылыққа, тәкпіршілдікке, фанатизмге қарсы тұру.
✅неоколонизмнен құтылу үшін, саяси, экономикалық, мәдени интеграцияны қолға алу.
✅ Отарсыздану және ұлттық сананы дамытуды кешенді түрде жүзеге асыру
✅Ғылымға тек технология деп қарамай, негізгі миссиясы болған “адамгершілікпен” үйлесетінін насихаттау және мектеп, коллеж, университет қабырғаларында “рухани этика” сабақтарын қолға алу.
P/S Өзім білемдікке салынатын империализмның исламға қатысы жоқ екенін айтқым келеді. سيد القوم خادمهم хадисінің сырына орай шариғат бұл әлемге диктатура мен күштеп билеп-төстеуді тоқтату үшін келген. Айтқан әр бір сөзіме жауап беремін. Тарихтағы кейбір мұсылман патшалары тирандық әрекеттер жасаған болса, ол олардың қателігі, исламға тиесілі емес. Хз, Омар (р.а) мен Салахаддин Әйюбидің нағыз егеменді және демократиялы басқару үлгілерін дәлел ретінде келтіруге болады. 2- миллиард мұсылмандарды құлдықтан құтқарудың бірден-бір шарасы демократиялық жол!
Темур АМАНҚҰЛ,
Исламтанушы, PhD докторы