ДІН, ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕДЕ МҰСЫЛМАН ЕМЕСТЕРМЕН ТЕҢДІК МӘСЕЛЕСІ

Теңдік - қасиет пен абыройда емес, құқықта болады. Ал құқықта патша мен кедей бәрі бірдей. Шариғат құмырсқаны жаншуға рұқсат бермегенде адам баласының ақысын жеуге пәтуә бере ме? Жоқ әрине!
Тарихтан екі мысал келтірейін:
Біріншісі: Хазреті Алидің (р.һ) кәдімгі жәй бір яһудимен жоғалып кеткен сауытын қайтарып алу үшін соттасқаны және күәгер ретінде ұлы Хасанды көрсетуі, нәтижесінде судья шариғат бойынша баласының күәгерлігі әкесіне жүрмейтіндігі айтып яһудидің пайдасына үкім шығарып буруі осының үлкен айғағы. Бұл әділеттілікті көрген яһуди ислам дінін қабылдағаны туралы деректер бар.
Екіншісі: Әл-Ақсаны азат еткен, біздің мақтанышымызға айналған Салахаддин-ы Әйюби міскін бір христианмен бірге тергеуге алынуы, құқықтық нормаларын сақтап өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шығуы, мен “билікпін” демей әділетсіздік жасамауы айтқан сөзімізді дәлелдей түседі.
Осы екі мысал, ислам өркениетінде дін, ұлт, мансап секілді дәрежелерге қарамай әділеттің бәрінен үстем екенін көрсетеді!
Өкінішке орай, біз мұны толық орындамадық.
Исламнушы, Ph.D Темур Аманқұл