БІЗДІ ТОҚШЫЛЫҚПЕН СЫНАП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА ЕКЕН...

Ертеде ел басына жұт келіп, аштан өліп бара жатқан бір қария былай депті:
— Біз жақсы заманда өмір сүріп жатырмыз.
— Аштан өліп бара жатқанда қалай жақсы болмақ? — деп сұрапты жұрт.
— Бізді ашаршылықпен сынап жатыр. Болашақ ұрпақты тоқшылықпен сынайды. Ашаршылық иманнан айырмайды, керісінше, Құдайды еске түсіріп, жақындатады.
Ал тоқшылық иманнан айырады, Құдайды ұмыттырады. Сол заман қиын болады, — деген екен жарықтық.
Ашаршылық заманы өтті, тоқшылық келді.
Тоқшылық ашаршылықтан да жаман болмақ.
Ашаршылықта Құдайды еске алып, одан жәрдем сұрайсың.
Ал тоқшылықта Құдайды ұмытасың, жәрдемді Құдайдан емес, ақшадан, дүние-мүліктен іздейсің, әр нәрсеге сын айтып, бәрін ақшамен өлшейтін боласың.
Қазіргі заманда бізді тоқшылықпен сынап жатқан жоқ па екен деген ой келеді...