ӘЙЕЛІҢДІ ЖОҒАЛТҚЫҢ КЕЛМЕСЕ... /ер адамға арналған кеңестер/

14 тамыз 2025 336 0
Оқу режимі

Бірінші кеңес: Немқұрайлы болма

Ер азаматтың әйеліне деген ең маңызды міндеттерінің бірі - оны елеусіз қалдырмау. Себебі әйелдің жүрегіндегі сүйіспеншілік пен мейірімді немқұрайлық өлтіреді. Егер сен әйеліңді шын жақсы көрсең, оған ерекше көңіл бөл - махаббат пен қамқорлықтың өзенінен шөлін қандыр, сонда ол да сені мейірім мен махаббатқа бөлейді.

 

Екінші кеңес: Қатігез болма

Әйел заты қатал еркекті ұнатпайды. Ол - мейірімді, жанашыр және құшағынан тыныштық табатын еркекті сүйеді. Әйеліңе қатігездік көрсетпе - қаталдық өшпенділікке есік ашады. Егер әйелің сені жек көріп кетсе, сенмен өмір сүрудің мәнін жоғалтады, ал мұндай жағдай ажырасуға әкелуі мүмкін, не істесең де тоқтата алмайсың.

 

Үшінші кеңес: Оны қорлама

Ер адамның әйелін қорлауы - оның өзінің қадірін түсіреді. Әйелдің алдында абыройынан айырылады. Әйел, сезімтал бола тұра, өзін қорлағанды ешқашан ұмытпайды. Сондықтан ақылды еркек бол, әйеліңді құрметте және ешқашан оның қадірін кетірме. Сонда ең бақытты адам боласың. Әйелін құрметтейтін еркек - оның көз алдында тәж киген хан тәрізді. Әйелі де барынша оны бақытты етуге тырысады.

 

Төртінші кеңес: Аузыңнан шыққан сөзге абай бол

Еркектік - әйеліңе ауыр, анайы сөздер айту емес. Тілмен ренжіту - алдымен өзіңнің абыройыңа дақ түсіру. Сондықтан сөйлерде ойланып сөйле. Себебі сөз - қылыш секілді: арадағы барлық сүйіспеншілік пен жақындықты кесіп тастайды. Ол сені қанша жақсы көрсе де, қатты сөздерге төзе алмай қалуы мүмкін.

 

Бесінші кеңес: Ойына тыйым салма

Құрметті ер азамат,

Еркектік - әйеліңді үнсіз қалдыру емес. Ол да - отбасы өмірінің маңызды мүшесі. Жұбайлық өмірдегі мәселелерде оның пікірі де маңызды. Оның пікірі кейде сенікінен де дұрыс болуы мүмкін. Нағыз еркектік - әйелінің ойын тыңдап, онымен келіспесе де құрметпен қарау.

 

Алтыншы кеңес: Сенімін ақта

Әйел ерінің өз өмірінде бар екенін, қолдау көрсететінін сезінгісі келеді. Сен - оның тірегі екеніңді ұмытпа. Қиын сәтте оның жанында бол, қажет кезде жанына жебеу бол. Қиындықта жалғыз қалдырсаң, ол саған деген сенімінен айырылады.

 

Жетінші кеңес: Оған опасыздық жасама

Егер әйелің саған опасыздық жасаса, не күйде болар едің? Қандай сезімде болар едің? Қанша уақыт көтере алар едің? Бұл сенің намысыңа, жүрегіңе, жаның мен еркектігіңе ауыр соққы емес пе еді?

Сол секілді, сен де оған опасыздық жасама. Сен үшін қандай ауыр болса, ол үшін де сондай. Сен оны сақта - ол да сені сақтайды.

Барша ер азаматқа бұл кеңестер отбасылық өмірде сүйіспеншілік пен тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

 

Abdulakhad SMANOV

Пікірлер Кіру